Қандай өңірлерде ауаға зиянды қалдықтар көп шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда стационарлық көздерден атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттар қалдықтарының көлемі 2020 жылы 2,4 млн тоннаны құрады. Бұл, 2019 жылмен салыстырғанда 1,7 пайыз аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қалдықтар көлемі соңғы бес жылда бірінші рет азайған. Бұған дейін көрсеткіш 2015 жылы 3,4 пайызға азайған болатын.

100-ден астам елдегі ауа сапасын салыстырған IQAir зерттеуіне сәйкес, 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда сапа елдердің 84 пайызында жақсарған. Алайда 2021 жылы ластаушы заттар деңгейі қайта артуы әбден мүмкін.

2020 жылы тазарту құрылыстары қалдықтар көлемінің 93,1% аулап, зиянсыздандырды. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 93,2% болды.

Негізгі ластаушы заттар: күкіртті ангидрид — 868,1 мың тонна (жылына −2%);

• көмірсутек тотығы — 486,5 мың тонна (жылына −0,3%);

• азот тотығы — 311,4 мың тонна (жылына −0,8%).

Қалған ластаушы заттар 775 мың тонна (жылына −2,6%).

Қазақстан өңірлері арасында атмосфералық ауаға түскен зиянды заттардың жартысынан көбі Павлодар облысы (723 мың тонна) мен Қарағанды облысына (627,7 мың тонна) тиесілі.

Ауада ластаушы қалдықтардың айтарлықтай көлемі сондай-ақ Атырау облысы (154 мың тонна), Ақтөбе облысы (135,1 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (127,2 мың тонна) және Қостанай облысында (123,4 мың тонна) тіркелген.


Соңғы жаңалықтар