Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті және босанған әйелдерге денсаулығы сыр берген жағдайда медициналық қызметкерлер үйге келіп қызмет көрсетуге міндетті.

науқас, пациент
Фото: pixabay.com

Медициналық көмекті үй жағдайында алуға тағы кімдер құқылы? Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында айтып берді. 

Жасы 65-тен асқандар да жүріс-тұрысы қиындаған жағдайда маманды үйге шақыра алады.

Сондай-ақ учаскелік медбике немесе фельдшер: 

— шақыру кезінде сырқаттың дене температурасы 38°C болса;
— жағдайының қатты нашарлауынсыз қан қысымының жоғарылауында;
— медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйлер, аурулар, жарақаттар (есін жоғалтпай, қан кету белгілері жоқ, жай-күйінің кенеттен нашарлауы болмағанда) үйге келіп, қызмет көрсетеді.

Ал учаскелік дәрігерді үйге:

— шақыруды қабылдау кезінде емхана тіркеушісі, учаскелік медбике немесе үйде дәрігерлік қарауды талап ететін шақыруға қызмет көрсеткен фельдшер бағалаған жағдайда;
— вакцинациядан кейінгі жағдай нашарлағанда шақыруға болады.

Бұған дейін Қазақстанда кімдерге пластикалық ота тегін жасалатындығын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар