Қандай жасөспірімдердің ұйқысыздыққа шалдығатыны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы шетел ғалымдарының зерттеуі кешкі уақытта белсенді болатын жасөспірімдер ұйқысыздық пен депрессияға жиі шалдығатынын көрсетті, деп жазады шетелдік БАҚ.
Зерттеу барысында 8-12 жас аралығындағы 300-ден астам австралиялық мектеп оқушысынан сауаланама алынды. Жасөспірімдерден олардың қанша уақыт ұйықтайтыны, психикалық саулығы мен олардың басқа кезге қарағанда әлдеқайда белсенді болатын уақыты сұралды. Зерттеушілер балаң жасында ұйқысыздықтың болуы депрессия, мазасыздық және күйзеліспен байланысты екенін анықтаған, деп хабарлады Times of India.
Көптеген елдерде 13-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 11 пайызы ұйқысыздыққа шалдыққан. Ұйқысыздық мазасыздықпен бірге депрессияны да тереңдетеді. «Салдарынан, мысалға, жасөспірім шағында ішімдік пен есірткіге әуес болуы мүмкін», - дейді Аделаида университетінің зерттеушісі Паскуале Альваро.