Кандидат Тоқаевтың жақтастары Жетісу облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда Республикалық қоғамдық штаб мүшелері өңірдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Сондай-ақ Балпық би ауылында Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар