Кандидат Ж.Бәзілбаев лингвистикалық комиссияның алдында сынақ тапсырудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР президенттігіне кандидат Жақсыбай Бәзілбаев Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның алдында сынақ тапсырудан бас тартты.

 Кандидат Ж.Бәзілбаев лингвистикалық комиссияның алдында сынақ тапсырудан бас тартты

Комиссия алдына келген Ж.Бәзілбаев өзінің саяси мәлімдемесін жариялауды бастап кетті.

Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің ескертуіне құлақ аспаған Ж.Бәзілбаев тіл біліміне сынақ тапсырудан бас тартатындығын мәлім етті. «Мен өз кандидатурамды сайлаудан алып тастауды шештім», - деп атап өтті ол. Айта кетейік, Ж.Бәзілбаев осымен төртінші рет президенттік сайлауға қатысуда. Бұның алдында өткен президенттік сайлауда ол қазақ тілінен 10 қате жіберген болатын. Бірақ соған қарамастан, ол мемлекеттік тілді жетік меңгерген деп танылды.