Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канье Уэст Қазақстанда концерт береді

АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Қазақстанда концерт өткізуі мүмкін. Бұл туралы әншінің продюсері Джозеф Карре өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Канье Уэст Қазақстанда концерт береді
Фото: Джозеф Карре (Joseph Karre) музыкалық продюсері

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматы орталық стадионында өтуі жоспарланған.

Сондай-ақ хабарламада концерт билеттері 20 шілдеден бастап сатылымға шығатыны айтылған. Ал Ticketon.kz сайтында билет бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін болатыны көрсетілген.  

Айта кетейік, Канье Уэсттің твиттердегі аккаунты «Гитлер туралы даулы мәлімдемелер» жазғаны үшін бұғатталған еді.

Сонымен қатар былтыр 10 тамызда Алматының Орталық стадионында әлемге танымал жұлдыз Дженнифер Лопес өнер көрсеткен еді.

Сондай-ақ Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ — Backstreet Boys келген.