Канье Уэст пен мумия: креативті қазақстандықтар да өз таңдауын жасады
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазақстандықтар түрлі кейіпке еніп, өз таңдауын жасап жатыр. Олардың бір тобы әлеуметтік желі образын таңдаса, енді бірі танымал тұлғалардың бейнесінде көрінді. Kazinform ерекше образдарды іріктеді.
Креативті қазақстандықтар Құрылтай сайлауына ерекше дайындалды. Көшілер жиналып, ақ жаулықты әжелер бір сәтте таңдауын жасады. Енді бірі сайлау учаскесіне көк тракторға мініп барды.
БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасындағы № 43 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған тұрғын көптің қызығушылығын туғызды. Дәмет Өтегенова кішкентайынан еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Бір кездері аудандық мәслихат депутаты болған зейнеткер еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде тағы да белсенділігін танытты.
Ал Солтүстік Қазақстанда қалыңдық көйлегін киген тұрғындар дауыс беруге бірге барды.
Сонымен бірге осы облыстағы Жамбыл ауданы Пресновка ауылындағы № 164 сайлау учаскесіне «Арман-ай» вокалдық тобының мүшелері де өз таңдауын жасады.
— Біз сайлауға барлығымыз бірге келейік деп шештік. Бұл — біз үшін маңызды әрі тарихи күн. Бүгін біз алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлап жатырмыз, — деді топ жетекшісі Айнагүл Сарымсақова.
Алматылық болса сайлау учаскесіне Канье Уэст бейнесінде келді. Ол Бостандық ауданындағы № 608 сайлау учаскесінде өз азаматтық борышын өтеді.
Әншінің бет-бейнесі дәл сомдалған бетперде көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Ал Ақтөбеде «мумия» кейпіне енген адам өз таңдауын жасады. Ол № 9 мектеп гимназиясында орналасқан № 27 сайлау учаскесінде дауыс берді.
— Сайлауға ерекше образда келіп, өз таңдауымды жасадым. «Мумия» кейпінде келіп, көпшілікке аз да болса көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаныма қуаныштымын. Менің ойымша ерекше бастамалар қоғамдық шараға деген қызығушылықты артыра түседі, — деді қала тұрғыны.
Ақтөбеде тағы бір тобы «Мадагаскар» мультфильмі кейіпкерлерінің кейпіне енді.
Құрылтай сайлауы кезінде Instagram, Threads, TikTok және Facebook әлеуметтік желісін бейнелеген алматылықтар да белсенділік танытты. Олар Әуезов ауданындағы № 175 сайлау учаскесіне барды.
Атыраулық таңда кофе бейнесінде таңдау жасады.
Ал ақ халат киіп, басына сүлгі ораған астаналық болса сайлау учаскесіне роботпен қатар кірді. Екеуі № 132 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.
Бұл тізімге Балқаштағы жолбарысты, Шығыс Қазақстандағы сүңгуірді де қосуға болады. Желіде сүңгуірдің өзеннен шығып, таңдау жасаған сәті жарияланды.
Сондай-ақ Павлодар облысында «Картоп отбасы» дауыс берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру учаскесіне түсті.
Атыраулық рекордсмен сайлау учаскесі алдында жүк көлігін сүйреп барды.