21:40, 21 Қараша 2017 | GMT +6
«Канелло» Головкинмен жекпе-жектен кейін операция жасатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.com сайты Fightnights.com сайтына сілтеме жасай отырып, мексикандық боксшы Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дейінгі дайындық барысындағы қиындықтарын жазды.
«Канелло» Головкинмен жекпе-жектен бұрын жаттығу лагерінде оң қолынан жарақат алған. Альварес қарсыласымен Everlast MX-пен бірге Winning қолғабында қолғап түйістірді. Бұл қолғап қолды қосымша қорғау үшін көбікпен сіңдірілген және нарықта үздік тауарлардың бірі ретінде көпшіліктің көңілінен шықты. Осы жағдаймен таныс жандар Альварестің Головкинмен жекпе-жектен кейін артоскопиялық операцияда болғанын және оң қолындағы кейбір сүйек бөлшектерінің алынып тасталғанын айтады. Ал оның қайта қалпына келуіне, кем дегенде, алты апта уақыт қажет», - деп жазады Fightnights.com
Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтіп, тең есепте аяқталған. Екі мықты екінші рет 5 мамыр күні қолғап түйістіреді деп күтілуде.