«Канело» чемпиондық белбеуінен айырылды: Головкин титулдық айқасқа шығуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» чемпиондық белбеуінен айырылды: Головкин титулдық айқасқа шығуы мүмкін

«Канело» тарапы Сергей Деревянченко өкілдерімен міндетті айқас өткізу туралы келісімге қол жеткізе алмаған. Бұл тураы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер Туиттерде хабарлады:

«Дереккөздер «Канело» мен Деревянченко арасында келіссөз болмағанын хабарлады. Альварес IBF титулынан күндізгі сағат үштен кейін айырылды. Дедлайн уақыты өтіп кетті. Тараптар ақшаға келісе алмады», - деп жазды ол.

Енді IBF Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында бос тұрған белбеу үшін айқас тағайындайды. GGG рейтинг бойынша келесі үміткер саналады. Дереккөздерге сәйкес, олардың келіссөздері ойдағыдай өтпек.