«Канело» допинг үшін жазадан құтылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Sweet Science және The Prizefighters үшін жазылған мақалалар авторы Давид Авила Sports.kz-ке берген қысқа сұхбатында Сауль Альвареске допинг қолданғаны үшін қандай жаза берілетіні туралы пікірін білдірді.

«Канело» допинг үшін жазадан құтылуы мүмкін

«Невада штатының Атлетика комиссиясы жаза белгілеген күннің өзінде, нақты мынадай жаза береді деген сенім жоқ менде. Альварестен ақпанда тыйым салынған заттың ізі табылғанмен, жуырда өткен тест оның таза екенін көрсетті. Бәрі де Атлетика комиссиясына байланысты. Бұрын ол аралас жекпе-жек файтерінен үлкен айқас алдында допинг табылса да кездесуге рұқсат берген», - дейді Авила.

Еске сала кетейік, осы мәселе бойынша соңғы шешім 18 сәуірде шығады. Бірақ «Канело» 5 мамырда Головкинмен өтуі тиіс жекпе-жектен ресми түрде бас тартып үлгерген.