«Канело» Головкинмен айқасқа қалай дайындалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - TV BOXEO арнасы Youtube-те мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реваншқа қалай жаттығып жатқандығы туралы видеоны жариялады.
«Канело» көптеген сарапшылар Головкинмен алғашқы жекпе-жекте оған шыдамдылық жетіспегендігін атағандықтан бар күшін кардиожаттығуларға жұмсауда.
Бұл жолы мексикалық өзінің әріптестерімен бірге жаттығу лагерінде велосипед тебуге ұйғарды.
Айта кетсек, реванштың 5 мамырда болуы күтілуде.
Оның өтетін жері - Лас Вегас, дегенмен Нью-Йорк пен Даллас та айқасты өткізу құқына таласуы мүмкін.