20:11, 27 Маусым 2018 | GMT +5
«Канело» Головкинмен қарымта кездесуге қалай дайындалып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube-тегі Discover The Fights арнасы мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке дайындығының барысын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Боксшылардың алғашқы кездесуі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен болатын. Жекпе-жектің нәтижесінде, екі жақ тең түсіп, соңы дауға әкеп соқты.
Төрешілердің жазуынша, айқас 118-110 есебімен Канелоның пайдасына, ал 114-114, 115-113 есебімен Головкиннің пайдасына аяқталған.
Рематч 15 қыркүйек күні алғашқы кездесу өткен жерде қайталанады. Бұл жолы Головкин төрешілердің шешім қабылдауына мүмкіндік бермей, «Канелоны» алдын ала жеңуді көздейтінін айтты. Қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес те Головкинді алдағы кездесуде Альваресті нокаутқа оңайлықпен түсіре алатындай дәрежеде жаттықтырып жатқанын растады.