«Канело» Головкинмен өтетін алдағы айқасқа қандай өзгерістер енгізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо боксшы WBA/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін қарымта кездесуге қандай өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Боксшылар 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екінші жекпе-жектерін өткізеді.
«Біз қорғануға ниеттіміз, алайда бұрынғыдан белсендірек боламыз. «Канело» әлдеқайда сапалы тәсілдерді пайдаланбақ, сондай-ақ, қарсы соққы жасамас бұрын дұрыс ойланатын болады. Осы мақсатта күнде жаттығып жүрміз. Головкин соққы жіберіп, тигізе алмай қалған кезде, «Канело» оны тоқтатып қалуы керек», - деді Эдди Рейнос