06:02, 07 Қыркүйек 2018 | GMT +5
«Канело» Головкинмен рематчынан кейінгі кездесуін қайда өткізетінін жоспарлап қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Сауль Альварестің Генннадий Головкинді жеңген жағдайда кезекті кездесуін қайда өткізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Біз Madison Square Garden-ге 15 желтоқсанға тапсырыс беріп қойдық»,-деп келтіреді Гоместің твиттердегі сөзін Fight Sports.
Айта кетейік, «Канело» мен Головкиннің екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. Тап осы жерде боксшылардың тең түскен бірінші кездесуі өткен болатын. Бұл жолы боксшылардың екеуі де кездесуді нокаутпен аяқтауға оқталып отыр. Өйткені олар жекпе-жек нәтижесі бойынша шешімді төрешілер жасағанын қаламайды.
Бұл жекпе-жекке 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфициенттерді ұсынып отыр. Головиннің жеңісі 1.68, «Канелоның» жеңісі - 2.488, тең түскен жағдайда - 20.