«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізгісі келмейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы үшінші рет рингке шығуды қаламайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Бірінші жекпе-жек артта қалды, екіншісі де өтеді... Ол қалай аяқталатынына қарай адамдар тағы бір рет, үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Өз басым барлығы осы жерде аяқталғанын қалаймын. 15 қыркүйекте өзімнің үздік екенімді дәлелдегім келеді», - дейді «Канело».
Еске сала кетейік, бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған болатын. Рематч 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.