«Канело» WBO-ның чемпиондық титулынан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бас тартуының мән-жайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» WBO-ның чемпиондық титулынан бас тартты

«Канело» өткен айда Сергей Ковалевтен тартып алған WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулын босатты. WBO-ның түсіндіруінше, ол суперчемпионға берілетін артықшылықтарды сақтап қалады, яғни «Канело» іле-шала WBO-ның кез келген өзге чемпионына міндетті қарсылас атануы мүмкін», - деп мәлім етті инсайдер Майкл Бенсон.

Еске салсақ, мексикалық боксшы ресейлік Сергей Ковалевпен өткізген жекпе-жекте оны 11-інші раундта нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы белдігіне ие болған еді.

Сондай-ақ Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның чемпиондық атақтан бас тартуына қатысты пікір білдірді.

«Біз «Канелоның» және WBO-ның қабылдаған шешімін толығымен қолдаймыз. «Канело» әлем чемпионы болу үшін Сергей Ковалевке әсерлі тойтарыс берген болатын. Онымен қоса, ол орташа ауыр салмақта айтарлықтай қауіпті екенін көрсетті. Сондай-ақ ол фанаттарға қызықты айқастар көрсету үшін дивизиондарды ауыстыра алатынын байқатты», - деп келтіреді промоутердің сөзін Badlefthook.com порталы.