«Канелоға» Головкинмен 16 қыркүйек күні айқасу маңызды болды - Оскар Де Ла Хойя

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның мәлімдеуінше, 16 қыркүйек - Мексика Тәуелсіздігі күні болғандықтан және Мэйвезер мен Макгрегор да осы күні кездесуге ниет білдіргендіктен, ол  Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін осы күні  Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізу үшін барын салған, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канелоға» Головкинмен 16 қыркүйек күні айқасу маңызды болды - Оскар Де Ла Хойя

«Канело» үшін айқастың 16 қыркүйек күні өтуі өте маңызды болды. Бұл бокс үшін де өте маңызды күн. Сауль бұғанға дейін ешкімнің қолынан келмеген істі істеді - Мэйвезерді 16 қыркүйек күнін таңдау райынан қайтарды. Барлық ұсыныстар ерекше болды, үлкен шараны Джерри Джонс өз жерінде (Далласта) өткізгісі келді, алайда «Канело» ол ұсынған мерзіммен келіспеді, - деді Оскар  Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.