«Канелоның» алдағы айқасқа дайындығының видеосы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
AleetBoxing Youtube-арнасы «Канелоның» дайындық барысын бейнелейтін жаңа видеоны жүктеді.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады.