Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы қарсыласы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) 12 қыркүйекте рингке оралмақ ниетте, деп хабарлайды sports.kz.

«Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы  қарсыласы белгілі болды

ESPN Deportes ақпаратына қарағанда, мексикалықтың командасы өздеріне екі қарсыласты белгілеп отыр. Олардың алғашқысы— украиндық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО), ал екіншісі - WBA Super нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смит (27-0, 19 КО).

Таяуда Деревянченконың бапкері Андре Розье, оған кіммен айқасса да, мейлі Альварес немесе Джермалл Чарло бәрі бір (33-1, 17 КО), деп мәлімдеген еді.

Деревянченко да 12 қыркүйектегі кездесуге дайындықты бастап кетті.

Айта кетсек, 2021 жылы «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы күтіліп отыр.