«Канелоның» Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты арам пиғылы әшкереленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FightNights.com порталының болжауынша, мексикалық әлем чемпионы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойа арам әрекетке барып, Геннадий Головкинді қыркүйекте болатын үшінші жекпе-жектен айыруы мүмкін, деп жазады Sports.kz.
«Оскар Де Ла Хойя Боб Арумның ескі тәсілін қолданбақ. Дәлірек айтқанда, Альварестің қарсыласы ретінде Головкинге Ковалев, Андраде және Смитті қарсыласы ретінде есіне түсіре келе соңғы сәттерде жалт беріп, «Канелоның» Мунгуиямен жекпе-жек өткізетінін жариялайды», - деп жазады портал.
Еске сала кетейік, Хайме Мунгуияны да DAZN компаниясы қыркүйекте Головкин айқасатын қарсыластардың бірі ретінде қарастырып отыр.