«Канелоның» промоутері Головкинмен өтетін екінші кездесу туралы пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) қыркүйекте өтуі тиіс рематч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Мен бұл істі аяғына дейін апара аламыз деген ойдамын. Головкиннің командасы «Канелоға» біршама кербездене қарайды. Бірақ әркімнің өз келіссөз жүргізу тәсілі бар. Ал менің бүгінгі қалыптасқан жағдайға көңілім толады. Әрине, әзірге нақты мерзімді белгілеген жоқпыз. Бірақ оның жақын күндерде белгілі болатыны сөзсіз, өйткені бізге жұмыс істеу керек»,-деді Де ла Хоя.
Рематч 15 қыркүйекке, Мексиканың Тәуелсіздік күніне белгіленген. «Канелоны» спорттан шеттету мерзімі 17 тамызда аяқталады.