«Канелоның» промоутері Головкинмен реваншқа қатысты мәлімдеме жасады
Оның айтуынша, GGG тарапы мәміленің қаржылық жағына қатысты талаптарынан бас тартқысы келмейді, сондықтан Golden Boy Promotions Дэниэл Джейкобстың промоутері Эдди Хирнмен келіссөзді бастап кеткен.
«Головкин айтқанынан қайтпай отыр және гонорарды 50/50 қылып бөлгісі келеді, сол себепті кездесу болмайды. Дэниэл Джэйкобстың үстелінде 15 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жектің келісімшарты жатыр. Эдди Хирнге бұл ой ұнайды. Біз де қарсы емеспіз. Сондықтан ары қарай жылжып, «Канелоның» 15 қыркүйекте мықты қарсыласпен кездесуіне жағдай жасаймыз. Біз үшін соңғы мерзім - айдың ортасы, себебі орнымыздан қозғалу керек. Демеушілеріміз дайын, біз тек жанкүйерлерге мықты жекпе-жек ұсынғымыз келеді. Өкінішке орай, Головкин талабынан бас тартпады, ал біз ары қарай ілгерілей бермекпіз», - деді Де ла Хойя ESPN.com-ға берген сұхбатында.
Сонымен қатар, промоутер өз талаптарынан бас тартпайтынын айтып кетті.