«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқастың неліктен қажет екендігін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақтағы WBC/WBA (Super)/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасының болатынына сенімді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқастың неліктен қажет екендігін түсіндірді

«Орта салмақ - Сауль үшін өте жақсы салмақ деп ойлаймын. Головкинге келер болсақ, бұл айқас өтуі тиіс. Олардың алғашқы екі жекпе-жегі керемет болды. «Канелоның» онымен қайта айқасуына ешқандай кедергі жоқ. Екеуінің де үшінші айқасты өткізуге деген ниеті бар. Головкин - тарихты ойлайтын боксшы. Ол «Канеломен» тағы бір айқас өткізбей отставкаға кетпейді.

Бұл Головкинді ұлы чемпион атағына жеткізді - ол үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Оны демалысқа жібермей ұстап тұрған ішіндегі оты», - деген Гоместің сөзін келтіреді Sky Sports.