21:35, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Қаңғыбас иттерді сойып, етін сатқан ақмолалық ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қаңғыбас иттерді аулап, етін сатумен айналысқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні волонтерлермен бірлесіп қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жануарларға қатыгездік таныту дерегімен Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамның тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық сойылған 50 иттің өлексесі табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге мән-жайлары жария етілмейді», - делінген Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ұсынған мәліметте.