Қанішер балабақшаға шабуыл жасады

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат – Бельгияның Дендермонд қаласында жұма күні балабақшаға басып кіріп, үш бала мен екі ересекті пышақтап өлтірген,

Қанішер  балабақшаға шабуыл жасады
тағы 20 адамды жарақаттаған қанішер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әлгі қылмыскер жергілікті емханадан қашып кеткен жүйке ауруымен ауыратын науқас болып шыққан. Ол оқиға орнынан велосипедке мініп, сытылып кетпекке әрекеттенген.