Қанішер бір отбасын түгел пышақтап кетті ? ІІМ-нің өкілі
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сәуірдің 7-сі күні Шымкент қаласында бетперде киген біреулер қала тұрғындарының бірінің үйіне келіп, үй иесі мен оның әйелін, 1989 және 1993 жылы туылған қыздары мен туысқан інісін пышақтап кеткен.
Жайсыз оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте
Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Ернұр Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Департамент бастығы орынбасарының мәліметтерінше, үйге баса көктеп кірген қанішер үлкен қызының бұрынғы күйеуі болып шықты. Аюандық әрекеттерін ол кек алу мақсатында жасаған. Осы оқиғадан отбасының кіші қызы ауыр жарақаттардан ауруханада қайтыс болды. «Тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстады. Ал оның сыбайласы іздестірілуде. Сонымен бірге осы іс бойынша тергеу амалдары да жалғасуда», деді Е.Уәли.Сондай-ақ, оның мәліметтері бойынша, Шымкент қаласында бұзақылық ниетпен 1-ші сынып оқушысын өлтірген 1989 жылы туылған қала тұрғыны ұсталған.