Қанмен жазылған хаты үшін пәкістандық шенеунік жұмыстан қуылды

АСТАНА. Қыркүйектің  2-сі. ҚазАқпарат -   Пәкістан   өкіметі   қанмен хат жазуды әдетке айналдырған бау-бақша шаруашылығы  департаментінің  шенеунігін     жұмыстан босатты, 
None
None

деп хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

Мәдениет  және   туризм министрі Сассуи Палихо ханымның   айтуынша,   Карачидегі   бау-бақша  шаруашылығы департаментінің  бөлім бастығы  Ілияс  Хулио  оған  өз қанымен жазылған   ғашықтық хатын   жолдап,  оның ізін  ала     өзінің сүйіспеншілігін  білдірген   жүз шақты электрондық   хат  жіберген.

 Министр  ханымның  шағымын  алған        бау-бақша шаруашылығы департаменті    тексеру  бастаған,  нәтижесінде  бөлім бастығы       өз ісін мойындаған.   Содан кейін ол азамат жұмыстан  босатылған.

 Сассуи Палихо ханым  либералдық саясаткер  және  синдхтердің провинциялық ассамблеясындағы    жалғыз  әйел  азаматша  болып  табылады.

Соңғы жаңалықтар