Канн фестивалінде China Film Group вице-президентін тонап кетті
АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Канн фестивалінде аса ірі ұрлық жасалды. Бұл жолы қылмыскерлердің құрығына қытайлық киноиндустриядағы екінші адам, China Film Group компаниясының вице-президенті түскен.
Ұрлық 16 мамыр күні жасалғанымен, ол енді ғана мәлім болып отыр.
«Франциядағы қауіпсіздік деңгейі өте нашар, ал халқы тәкәппар», - деп жазған өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жапа шегуші.
Айта кетер жайт, өткен аптаның ортасында баукеспе ұрылар Канн қаласында құны 1 миллион АҚШ долларынан асып жығылатын бағалы зергерлік бұйымдарды қолды еткен.