Канн фестивалінің қазылар алқасын танымал режиссер Джордж Миллер басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канн фестивалі Австралия режиссері, сценарийші әрі продюсер Джордж Миллердің төрағалығымен өтеді. Ол қазылар алқасын басқарып, жеңімпазға «Алтын пальма бұтағын» табыстайды, деп хабарланды шараның ресми сайтында.

Канн фестивалінің қазылар алқасын танымал режиссер Джордж Миллер басқарады

Миллер Ақылсыз Макс туралы төрт фильмнің режиссері ретінде танымал. 69-шы Канн фестивалі 11-22 мамыр күндері өтеді, деп жазады РИА Новости.

«Өзінің 70 жасында Джордж Миллер кинодағы өте қатты әсер қалдыратын толыққанды шығармаларының арқасында халықаралық танымалдылыққа ие. 69-шы Канн фестивалінің ұйымдастырушылары сондай-ақ оны жұртшылық кино жанашыры мен атақты адам ретінде бағалап, қошеметпен қарсы алып жатады», - делінген хабарламада.

«Бұл мен үшін үлкен құрмет, мен бұл оқиғадан тыс қала алмаймын!», - деп атап өтті Миллер.