Канн халықаралық кинофестивалі кезінде белгісіз біреу оқ атты

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - 66-шы Канн халықаралық кинофестивалі өтіп жатқан кезде белгісіз біреу француз телеарнасының алаңына шығып оқ атты, деп хабарлайды 24 KZ.

Канн халықаралық кинофестивалі кезінде белгісіз біреу оқ атты

«Канал+» телеарнасының тікелей эфирі кезінде ойламаған жерде басталған атыстан адамдардың үрейі қашқан. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары тез арада жігітті ұстап алды. Жараланған адам жоқ. Тұтқындалған жігіттен қару мен граната тәркіленді. Бұған дейін Канн халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатында қызыл кілемге шығатын жұлдыздар тағатын зергерлік бұйым ұрланған еді. Швейцариялық компанияға тиесілі әшекей бұйымдардың жалпы құны 1 млн. АҚШ доллары.