Канн кинофестивалі тұңғыш рет мультфильммен ашылады

КАНН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін Каннда әлемдік кинематографиядағы үздік фильмдердің байқауы басталады,

Канн кинофестивалі тұңғыш рет мультфильммен ашылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Сыншылар конкурстық бағдарламаның соңғы жарты ғасырда ең күшті деңгейде өтетінін айтады. Канн кинофестивалінің тарихында ол тұңғыш рет мультфильммен ашылмақшы. Бұл ? атышулы «Құбыжықтар корпорациясының» авторы Пита Доктердің «Жоғарыға» деп аталатын анимациялық таспасы.Басты жүлде ? Алтын пальма бұтағы үшін 20 картина сарапқа салынады. Негізгі бағдарламада Педро Альмадовардың, Джэйн Кэмпионның, Энг Лидің, Квентин Тарантиноның және Каннда картинасы сәтсіздікке ұшырғаннан кейін фестивальге енді келмеспін деп мәлімдеген Ларс фон Триердің жолдары түйіспекші. Көрермендердің айтарлықтай қызығушылығын туғызып отырған картина Терри Гильямның «Доктор Парнасстың қиял әлемі» деген жаңа жұмысы болып отыр.