Каннда 64-ші кинофестиваль ашылады
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін 64-ші Канн кинофестивалі ашылады. Бұл жолы оның шеңберінде 86 толық метражды шығарма көрсетіледі,
олардың 54-і кинофорумның ресми бағдарламасына кіріп, оның сыйлықтары үшін таласады, деп хабарлады РСН.
Фестивальді Вуди Алленнің «Полночь в Париже» атты жаңа фильмі ашады. Онда эпизодты рөлді Франция президентінің әйелі Карла Бруни-Саркози сомдайды. Ресейлік кинематограф фестивальдің «Особый взгляд» байқауында маңызы бойынша екінші болып ұсынылған. Қазылар алқасы Бакур Бакурадзенің «Охотник» фильмін бағалайтын болады.