Каноэ мен байдаркада ескек есуден ел біріншілігінің алғашқы жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионаты өтіп басталды. Кеше, еліміздің таңдаулы спортшылары жұптық және командалық сайыста жарысқа түсіп, алғашқы жеңімпаздар анықталды.

каноэ, байдарка есу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Атап айтсақ, өткен жылы Ташкентте әлем чемпионатында жүлделі орыннан көрінген Мария Бровкова алғашқы жарыс күні жекелей және жұптасып жарыста мәреге бірінші жетті. Сол секілді Ұлттық құрама өкілі Бекарыс Раматулла (байдарка) мен Азия ойындарының жеңімпазы, 9 дүркін Азия чемпионы Сергей Емельянов (каноэ) екі рет топ жарды.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы:

Байдарка, 500 м (ерлер):

1. Бекарыс Раматулла (Түркістан облысы)

2. Егор Краснонос (Астана қаласы)

3. Денис Кленин (Қарағанды облысы)

Каноэ, 500 м (ерлер):

1. Сергей Емельянов (Шымкент қаласы)

2. Әнуар Алмағамбетов (Қызылорда облысы)

3. Тимофей Емельянов (Шымкент қаласы)

Байдарка, 500 м (әйелдер):

1. Ольга Шмелёва (Түркістан облысы)

2. Стелла Суханова (Шымкент қаласы)

3. Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы)

Каноэ, 500 м (әйелдер):

1. Мария Бровкова (БҚО)

2. Руфина Искакова (Шымкент қаласы)

3. Ульяна Кисилёва (Түркістан облысы)

Байдарка, 500 м, екі адамдық:

1. Бекарыс Раматулла (Түркістан), Сергей Токарницкий (Шымкент)

2. Денис Кленин, Кирилл Тубаев (Қарағанды облысы)

3. Жахонгир Жәмедов (Шымкент), Дмитрий Ладюков (Алматы қаласы)

Каноэ, 500 метр екі адам:

1. Сергей Емельянов (Шымкент), Полат Төребеков (Түркістан)

2. Тимофей Емельянов (Шымкент), Виктор Степанов (Қарағанды)

3. Әлішер Хаётов (Түркістан), Владислав Руденко (Алматы облысы)

Байдарка, 500 метр екі адам:

1. Ольга Шмелёва (Түркістан), Ирина Подойникова (Шымкент)

2. Стелла Суханова (Шымкент), Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы)

3. Анастасия Березовская (Астана), Виктория Фалалеева (Ұлытау облысы)

Каноэ, 500 м екі адамдық:

1. Мария Бровкова (БҚО), Ольга Сурмина (Астана)

2. Ульяна Кисилёва (Түркістан), Маргарита Торлопова (ШҚО)

3. Малика Тұрсын (Ұлытау), Мария Карманова (Қарағанды)

Бүгін 1000 метрде жекелей және 500 метрде квартеттер (4 адамдық) арасында жарыс өтеді.

Айта кетейік, көктемгі біріншілік келе жатқан Қытайдағы Азия чемпионатына іріктеу саналады. Қазір 11 өңірден келген 150-ге жуық ескекші Түркістанда күш сынасып жатыр.

Осыған дейін қазақстандық боксшылардың Әлем кубогынан алты медаль алғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар