Кансаба қаласы содырлар қолынан азат етілді - Сирия

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия үкіметінің әскері Латакия провинциясындағы стратегиялық маңызы зор Кансаба қаласын өз бақылауына алды. Сонымен қатар жауынгерлер қала маңындағы 10 ауылды азат еткен.
None
None

Бұл аумақ - Идлиб провинциясындағы лаңкестерге шабуылдар ұйымдастыру үшін ең қолайлы орын. Айта кету керек, осы аптада президент Башар Асадтың әскері оппозиция қарауындағы Сальма және Рабия қалаларын да өз бақылауына алды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Хомс, Дэйрэззор, Хама және Алеппо қалаларындағы қақтығыстарда жүзден астам содырдың көзі жойылған. Мюнхен келісімі бойынша жақын арада Сириядағы қақтығыстар тоқтауы тиіс еді. Дегенмен бұған дейін Башар Асад бітімгерлік келісім екі тараптың қару қолдануына толықтай тыйым сала алмайтынын мәлімдеген, деп жазады khabar.kz.

Соңғы жаңалықтар