Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік "Реалдың" және Португалия құрамасының шабуылшысы өзінің банктік шотын бақыламайтынын мәлім етті.

Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду

"Шынымды айтсам, менде қанша ақша бар екенін білмеймін. Бастапқыда шотымда қаншасы қалғанын қарайтынмын, соңғы кездері оны тексермейтін болдым", - деген Криштиану Роналдудың сөзін келтіреді Daily Mirror.

"Кедей отбасында өскеніме қарамастан алдыма мол пайда табу мақсатын қоймаймын", - деп атап өтті FIFA нұсқасының 2013 жылғы әлемдегі ең үздік футболшысы.

Forbes-тың бағалауынша, 2013 жылы оның табысы 3 миллион долларды құраған.