Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы толық егілген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 шілдеге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 538 630 адам, 2-ші компонентін 9 321 029 адам салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. 16 шілдеге дейін препараттың I дозасын 1 229 694 адам, ІІ дозасын 1 168 291 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен 868 628 жасөспірім, 41 264 жүкті әйел, 145 051 бала емізетін әйел вакциналанды. ІІ компонентін 846 059 жасөспірім, 38 757 жүкті әйел, 139 340 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар