09:02, 01 Тамыз 2022 | GMT +5
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 31 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 554 903 адам, 2 - ші компонентін 9 334 764 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар 31 шілдеде «Pfizer» вакцинасының
-I-ші дозасын 1 234 557 адам,
- ІІ-ші дозасын 1 186 887 адам алды.