Қант адамды қартайтады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қант адамды тез қартайтады. Себебі көмірсулар мен қанттар бар кез келген тағам қандағы глюкозаны көтереді. Ал бұл теріге кері әсерін тигізіп, терідегі коллаген мен эластин мөлшерінің азаюына алып келеді. Нәтижесінде тері қабаты құрғап, жұқара бастайды.

Қант адамды қартайтады - ғалымдар

Құрамында қанты көп тәтті тағамдарды жиі жеу теріге ерте кезден әжім түсуіне себепкер болып қана қоймай, инсультқа шалдықтыруы мүмкін, дейді Калифорния университетінің профессоры Генрих Шмидт.

Америкалық Медициналық Ассоциацияcының мәліметтері бойынша, күніне 4-6 шай қасықтан артық шекер пайдаланбаған жөн. Бұл тек шайға қосатын қантқа қатысты емес, бұл мөлшерге сіздің күнделікті жейтін тағамыңыз да кіреді. Ал шақпақ қант ең зиянды болып табылады. Себебі оның құрамында көмірсулар көп. Ал бұл атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтырады.