Қант диабетін анықтайтын жаңа құрал пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Стэнфорд университеті ғалымдары қант диабеті диагнозын анықтайтын арнайы микрочип ойлап тапты. Бұл туралы университет журналында хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қант диабетін анықтайтын жаңа құрал пайда болды

15 рет диагноз жасауға жететін микрочибтің құны 20 доллар тұрады. Қант диабетін анықтауға микрочиб үшін бір тамшы қан жеткілікті. Оның ерекшелігі, микрочиб сматрфонға дереу ақпарат беріп, ауру туралы барлық деректерді лезде шығарып бере алады.