Қант қаласында шағын футболдан Қазақстан ашық чемпионатының екінші тур ойындары өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін бірінші тур ойындары қазанның 21-25 күндері Алматыдағы "Қайрат" спорт кешенінде өткен болатын. Онда 4 ойында қарсыластар қақпасына 16 доп соғып, өздеріне 7 доп енгізіп алған алаң иелері 10 ұпаймен көш басына шықты. Олар 3 кездесуде жеңіп, бір кездесуде тең түскен болатын. Үздік үштікке 9 ұпаймен Қарағандының "Тұлпары" мен 7 ұпаймен Астананың "Ұшқын-Искрасы" да еніп отыр. Ал Бішкек қаласының "АУБ" және "Фратон" командасы 4-5 орындарда келе жатыр. "АУБ" футболшылары 1 кездесуді жеңіп, үшеуін жеңіліспен аяқтаса, "фратондықтар" жеңілістен көз ашпады.
Енді екінші тур ойындары сәрсенбіде "АУБ" пен "Фратон", "Ұшқын-Искра" мен "Тұлпар" арасындағы сайыспен басталады. Ол жексенбі күні "Фратон" мен "Қайрат", "АУБ" пен "Тұлпар" арасындағы ойындармен түйінделеді.