Қант қызылшасын өндіруге қатысты депутат сауалына Үкімет басшысы жауап берді
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен - Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұхамбет Омаровтың елімізде қант қызылшасын өндіру және қайта өңдеу көлемін ұлғайту туралы депутаттық сауалына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің жауабы келіп түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Премьер-Министрдің депутатқа жіберген жауабында: «2007 жылдан бастап қант қызылшасының eгic алқабын ұлғайтуды ынталандыру мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын және өнімділігін жоғарылатумен байланысты шығынның құнын ішінара өтеу арқылы басымды дақылдардың өндірісін субсидиялау бағдарламасыаясында мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облыстарында басымды дақыл болып белгіленген.2008 жылы 1 га қант қызылшасын өндіру шығынының 34 пайызы немесе 50 мың теңге субсидияланған, бұл 2007 жылға қарағанда 4,9 есе көп.
Ағымдағы жылы қант қызылшасын өндіруге арналған субсидия көлемі 40,0
мың теңгені құрайды. Ал минералды тыңайтқыштардың құнын
субсидиялауды ескерсек, бұл көрсеткіш 50,0 мың теңгеге тең болады.
Алматы облысы әкімиятының деректері бойынша 2009 жылы 14,3 мың га қант қызылшасын себуді жоспарлап отыр, яғни, 2008 жылдың деңгейінде.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ақпараты бойынша, еліміздің азық-түлік нарығында тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында ҰӘҚ агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін несиелеу үшін бағытталған қаражатты мақсатты пайдалану жағдайында екінші деңгейлі банктерде депозиттер орналастырылған.
Бұл ретте ақ қант, өciмдік майы, жеміс-көкөніс өнімдері, ет және сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық беріледі. Мысалы, ақ қант өндіpici және оны қайта өңдеуге 7,2 млрд. теңге көзделуде, бұл жалпы соманың 42 пайызын құрайды», делінген.
Сонымен қатар Қазақстан Үкіметінің 2008 жылғы қарашаның 25-індегі қаулысымен бекітілген Үкіметтің, ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау aгeнттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес «ҚазАгро» ҰХ» АҚ еншілес кәсіпорындары «Агралық несиелік корпорация» АҚ және «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ 2009 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі егic жұмыстарын өткізуге, oғaн қоса қант қызылшасын өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді соңғы төлем бәсі 12 пайыз болатын несиелендіруді жүзеге асырады.
Қант құрағының импортына кедендік баж алымын енгізу туралы Үкімет басшысы еліміздегі қант зауыттарындағы қазіргі уақыттағы шикізат тапшылығын еске ала отырып, қант құрағының импортына кедендік баж алымын енгізу тиімсіз екенін жазады.
Қaзipгi кезде девальвация әсерінен бірталай азық-түлік түрлерінің, оның ішінде қанттың бағасы қымбаттаған. Бұдан басқа импорттық шикізаттардың мәміле жасалған көлемі және де шетел валютасымен алынған несиелердің болуы соңғы өнімінің өзіндік құнына әсерін тигізеді.
Осы себептен қант құрағы шикізатының импортына кедендік баж алымын енгізу қант бағасының көтерілуіне әcepiн тигізеді.
Депутаттың Ақсу қант зауытын қайта ашу туралы ұсынысына да жауап берілген.
«Алматы облысының әкімиятының ақпараты бойынша қaзipгi кезде «Жетісу» «ҰК «ӘКК» АҚ және «ТұранӘлемБанкі» АҚ арасында осы банкіде кепілдікте тұрған Ақсу қант зауытын іске қосу туралы келіссөздер жүргізілуде.
Егер aғымдағы жылы көрсетілген зауытты ашу туралы мәселелер оң шешілмеген жағдайда «Азия сахар» АҚ Ақсу және Сарқанд аудандарында қант қызылшасын қабылдау пункттерін ашу жоспарланып отыр. Содан соң осы аудандарда өсірілген қант қызылшасы «Азия сахар» АҚ құрылтайшысы болып саналатын «Көксу-Шекер» қант зауытына тасымалданады. Бұл ретте қант қызылшасын тасымалдау шығынының бip бөлігін облыстық бюджет қаражаты арқылы өтеу көзделуде.
Сонымен қатар Үкіметтің 2008 жылғы қарашаның 28-індегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешені аясында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қант қызылшасының ішкі нарығын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін қант қызылшасы өндірісін және оны қайта өңдеуді ұлғайтуға бағытталған шаралар қолдануда»,- делінген Үкімет басшысының жауабында.