Қаңтар-ақпанда елімізде 13,3 млн. тонна мұнай өндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті.

Қаңтар-ақпанда елімізде 13,3 млн. тонна мұнай өндірілді

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2015 жылғы қаңтар-ақпанда газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндіру 13,3 млн. тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 100,7 пайызға тең. Ал өндірілген бензин 0,4 млн. тоннаны құрап, былтырға қарағанда 103,1 пайызға жоғарыласа, дизельдік отын 0,8 млн тоннаға жетіп, 114,1 пайызға артқан.

«Резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге металл емес минералдық өнімдер, металлургия өнеркәсібі өнімдері және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Сонымен бір мезгілде, көмір және біріктірілген темір кендерінің өндірісі төмендеді. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, темекі, қағаз және машина жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», - делінген баспасөз баянында.