Қаңтар-ақпанда Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі 1,5 трлн. теңге сомасына өнім өндірді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанда Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі 1,5 трлн. теңге сомасына өнім өндірді.

Қаңтар-ақпанда Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі 1,5 трлн. теңге сомасына өнім өндірді

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға артық, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Металлургиялық өнеркәсіптің өндіріс көлемі 292,9 млрд. теңгені (13,5 пайыз өсім) құрады», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, тау-кен металлургиялық кешеннің еншісіне ЖІӨ-ның 7 пайыздан астамы және өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 17 пайыздан астам тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 7,2 трлн. теңгені құрады. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 5,3 пайызға тең. Ал металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 трлн. теңгеге (10,2 пайыз өсім) жетті.

Тау-кен металлургиялық кешеннің экспорттағы үлесі шамамен 20 пайыз. Тек өткен жылда ғана 8 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға өнім экспортталды. Бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 39 пайызға артық.