Қаңтар айында әлемде 14 журналист қаза тапты

МӘСКЕУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар айында әлемнің түрлі елдерінде 14 журналист қаза тапты. Баспасөз өкілдері құқықтарының сақталуы саласында мониторинг жүргізетін "Пресс Эмблем Компэйн" компаниясы осындай мәлімет жариялап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. Ал Ресейге келер болсақ, ағымдағы жылдың басында Ресейде екі журналист опат болды. Қаңтардың 5-інде Мурманскіде «РИА 51» ақпарат агенттігінің журналисі Шафиг Амрахов қайтыс болды. Ол өзіне тапаншамен жасалған шабуылдан бір аптадан кейін көз жұмды. Ал қаңтардың 19-ында Мәскеу ауруханасында «Новая газета» журналисі Анастасия Бабурова қайтыс болды. Ол адвокат Станислав Маркеловқа шабуыл жасалған кезде жарақат алған болатын.
Соңғы жаңалықтар