Қаңтар айында Баку-Тбилиси-Жейхан құбырымен 161,1 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданды

БАКУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтеріне қарағанда,
None
None
ағымдағы жылдың қаңтар айында Баку-Тбилиси-Жейхан құбырымен Қазақстаннан 161,1 мың тонна көмірсутек шикізаты тасымалданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Статистика комитетінің деректері бойынша, мұнай БТЖ құбыр желісі басталатын Баку маңындағы Санчагал терминалына Ақтау айлағынан танкерлермен жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Қазақстан мен Әзірбайжанның арасында қол қойылған келісімшартқа сәйкес, мұнай «Теңіз» кенішінен 2008 жылдың қазан айынан бастап тасымалдана бастады. Қазан айында құбыр арқылы 17,4 мың, қарашада - 119,3 мың, желтоқсанда 148,4 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданды.
Соңғы жаңалықтар