Қаңтар айында бензин 9,6 пайызға, дизель жанар майы 9,1 пайызға арзандады

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасында инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады,

Қаңтар айында бензин 9,6 пайызға, дизель жанар майы 9,1 пайызға арзандады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Өткен айда бағаның өсімі сүт өнімдерінде - 1,2 пайыз, жемістер мен көкөністер - 1,9, спирттік ішімдіктер - 3, темекі өнімдеріне 4,2 пайыз артқаны белгіленді. Ал күнбағыс майы - 12,7, ұн ? 1,7, күріш ? 0,5, нан ? 0,4, жармалар ? 0,2, жұмыртқа 0,1 пайызға арзандады. Жуу және тазалау тауарларының бағасы - 1,9, жеке гигиена тауарлары - 1,1, медициналық препараттар 0,9 пайызға қымбаттады. Бензиннің құны - 9,6, дизель жанар майы - 9,1 және сұйық газ 3,5 пайызға төмендеді. Коммуналдық қызметтер тарифтері бойынша қоқысты жинау - 4,2 пайызға, кәріз ? 1,2, орталықтан жылыту ? 1, ауыз су 0,7 пайызға қымбаттады, ал электр жарығы керісінше 1,2 пайызға, тарату жүйелері бойынша тасымалданатын газ 0,4 пайызға арзандады. Пошта қызметінің бағасы - 46,9 пайызға, телефон үшін абонеттік төлем 14 пайызға артты.