Қаңтар айында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 35 мың 251 теңгені құрады

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылдың қаңтар айында еліміздегі халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 35 мың 251 теңгені құрады.

Қаңтар айында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 35 мың 251 теңгені құрады

Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслхатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім атаулы ақшалай табыстар бойынша 11,0 пайызды, ал нақты ақшалай табыстар бойынша 3,5 пайызды құрады. «2010 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 66 мың 674 теңгені құрады. 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда өсім 8,6 пайыз болды», деді ол.