Қаңтар айында Қазақстанда бензин өндіру 3,5 пайызға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтар айында елімізде 213,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл 2014 жылдың қаңтарына қарағанда 3,5 пайызға жоғары көрсеткіш.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен айда дизелдік отын өндіру 0,4 пайызға төмендеп, 354,4 мың тоннаны құраса, мазут өндірісі 280,6 мың тоннаға жеткен. «2015 жылдың қаңтарында Қазақстанда өндірілген шикі мұнай 5,743 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 2,4 пайызға аз. Ал газ конденсаты 1,114 млн тоннаны құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. Соның ішінде табиғи газ өндіру 2 млрд текше метрді құрап, өсім 10,3 пайызға жеткен. Ал мұнайдың ілеспе газын өндіру есепті кезеңде 2, 083 млрд текше метрге тең болып, көрсеткіш былтырғыға 10,2 пайызға артты», - делінген баспасөз баянында.