Қаңтар айында республика бойынша 81 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 74,1 мың адам жұмыстан кеткен

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жедел деректерге сәйкес, 2010 жылдың қаңтар айында еліміздегі ірі және орта кәсіпорындарға, ұйымдарға 81 мың адам жұмысқа қабылданған, түрлі себептермен 74,1 мың адам жұмыстан босатылған.

Қаңтар айында республика бойынша 81 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен 74,1 мың адам  жұмыстан кеткен

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарындағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы Статистика агенттігінің ұсынған деректеріне қарағанда, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша босатылғандар - 70,3 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты босап қалғандар - 3,4 пайызды, басқа себептер бойынша қысқарғандар 26,3 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылғы қаңтар айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,8 пайызды құраса, жұмыстан босату бойынша айналым 2,5 пайызға тең болып отыр. Бұл ретте кадр тұрақсыздығы 1,8 пайызды көрсеткен. Сонымен бірге қаңтар айында жұмыстан босатылған қызметкерлердің iшiнде 109,4 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.