Қаңтар айында республикадағы инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қаңтар айында республикадағы инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды . Агенттіктің мәліметтері бойынша, өткен айда республика бойынша сүт өнімдеріне бағаның 1,2 пайызға, жеміс-жидекке 1,9, алкогольдік ішімдіктерге 3 пайызға, темекі өнімдеріне 4,2 пайызға өскендігі байқалған. Сонымен бір мезгілде күнбағыс майының бағасы 12,7 пайызға, ұн ? 1,7, күріш 0,5 пайызға, жұмыртқа 0,1 пайызға төмендеген. Ал жуып-тазарту бұйымдарына баға 1,9 пайызға, медициналық дәрі-дәрмектер 0,9 пайызға қымбаттаған. Бензин бағасы 9,6 пайызға төмендесе, дизель жанармайы 9,1 пайызға, сұйық газ 3,5 пайызға арзандаған.
Соңғы жаңалықтар